Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметімен Көкшетау қаласында ішімдік өнімін шығарумен айналысатын 3 жасырын цехтің заңсыз қызметері әшкерленді.
Онда бір топ азаматтар қылмыстық сыбайласпен ішімдік өнімдерін қолдан жасап, оны Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарында сатумен айналысқан.
Тергеу амалдарының нәтижесінде «Б», «А» және «С» азаматтарынан 3 тоннадан астам ішімдік өнімдері тәркіленді.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 214 бабы бойынша (заңсыз кәсіпкерлік) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл қылмыс бойынша 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру мен жеке мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғастырылуда.