Жарияланған күні: 19.08.2021 17:09
Өзгертілген күні: 19.08.2021 17:03

   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, Сандықтау балалар үйінің қамқорлығындағы балаларға барып, ертегілерден бастап энциклопедиялар мен тәуелсіз Қазақстан туралы альбомдар мен кітаптарды сыйға тартты.

Осылайша балалар үйі кітапханасының қоры толықтырылды.