
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің хатын ақпарат ретінде назарларыңызға жеткізеді.
"Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру Бас басқармасымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына (бұдан әрі- ЕАЭО) уақытша әкелінген Абхазия Республикасының тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарының Қырғыз Республикасының аумағында заңсыз өткізілуіне және пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті іс-шараларды өткізуде. Қырғыз Республикасында Абхазия Республикасынан шыққан көлік құралдары ЕАЭО тауарлары болып табылмайды және кедендік бақылауда болады.
Абхазия Республикасының көлік құралдарын уақытша әкелуді негізінен Абхазия Республикасының азаматтары және біраз мөлшерде Ресей Федерациясының азаматтары жүзеге асырады.
Көлік құралының кедендік декларациясы (бұдан әрі – КҚКД, көлік құралының иесі Абхазия Республикасының заңды тұлғасы) және жолаушылар кедендік декларациясы (бұдан әрі – ЖКД, көлік құралының иесі Абхазия Республикасының жеке тұлғасы) уақытша әкелуді растайтын құжат болып табылады.
ЕАЭО Кеден аумағында болған кезеңде уақытша әкелінген Абхазия Республикасының көлік құралдары ЕАЭО Кеден кодексінің (бұдан әрі – КК) 264, 275-баптарында белгіленген шектеулерді бұза отырып, сенімхат бойынша (иелену, билік ету немесе иеліктен шығару құқығымен) өткізіледі.
ЕАЭО КК-нің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың ЕАЭО кедендік аумағында нақты иелікте және декларанттың пайдалануында (әкелуді жүзеге асырған тұлға) болуға тиіс.
Қырғыз Республикасының аумағында кедендік төлемдерді төлемей және бастапқы мемлекеттік есепке қоймай заңсыз пайдалану мақсатында Қырғыз Республикасында ЕАЭО-ның кедендік аумағына Абхазия Республикасының тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын әкелуді ұйымдастырған жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттерінде, Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыс құрамын қалыптастырады және кедендік бақылау аймақтарына, атап айтқанда уақытша сақтау қоймаларына орналастыруға жатқызылады.
Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі азаматтарға Абхазия Республикасында тіркеу есебінде тұрған уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алмауды, сондай-ақ осы көлік құралдарын Қырғыз Республикасының тіркеу органдарында кедендік ресімдеу мен бастапқы есепке қоюдың тиісті рәсімдерінсіз пайдаланбауды ұсынады".




























