Жарияланған күні: 17.10.2019 09:05
Өзгертілген күні: 17.10.2019 09:06

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  «Адалдық сағаты» атты тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға Ақмола облысының Мемлекетттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ибраев, «Nur Otan» партиясының өкілі Алма Сарбаева және Департаментінің әдеп уәкілі  Болат Әбетов қатысты.

Олар семинар қатысушыларға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңыздылығын туралы, сонымен қатар тиісті жұмыстарды бірінші кезекте жаңадан қабылданған жас қызметкерлерімен жүргізуін атап өтті.

Атап айтқанда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа иммунитетін, жоғары адамгершілік қасиеттерін, парасаттылық пен адалдығын тәрбиелеуге ерекше назар аударылған.

Ал, басқосу барысында сөз алған сала мамандары атаулы  шараның ауқымын жылдан жылға күшейту керектігін атап өтті.                                                                

Жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайлардың  алдын алып, оларды жою, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау қажет.

 

Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.