
«Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
WIPON-ның жаңартылған нұсқасында Сіз жалпы чек сомасының 1% -дан 20% -на дейінгі соманы ұтып ала аласыз.
Бүгінгі күні акцияға 4240 ақмолалық қатысуда, олардың 900 жүлдегер атанды. Құттықтаймыз!
Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі 1 миллион теңге ұтыс ойынына қатысады, оның ұтыс ойыны 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.