
Ақмола облысы бойынша ішкі істер Департаментінде «ҚР жалпы декларациялау жүйесін еңгізу. Мүлікті жария ету акциясы. Жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларациясын табыс ету сұрақтары туралы» атты тақырыпта семинар өтті. Бандамамен Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Ельнар Қазбеков сөз сөйледі. «Мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар, депутаттар, соттар, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары),жұмыскердің лауазымы Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сәйкес әкімшілік персоналға жатса, жұмысы вахталық әдіспен жүзеге асырылмаса немесе жүріп-тұру сипатында болмаса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның орналасқан жері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның осы тармақшада көрсетілмеген жұмыскерлері 2017 жылдын 1 қаңтарынан бастап активтемелері мен міндеттемелері туралы декларация табыс ететін болады, яғни декларациялаудын бірінші кезеңі бастау алады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда мемлекет жалпы декларациялау қарсанында жария етуге қолайлы мүмкіндік тудырды. Акция уақыты осы жылдын аяғына дейін қана, сондықтан жария етіп үлгіру қажет» -деп айтты Ельнар Қазбеков.
Берілген бағыттағы жұмыстар жалғасуды.
Ақмола облысы бойынша
МКД баспасөз қызметі