
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнама талаптарын сақтауды ескертеді.
Алкоголь өнімін өткізуді алкоголь өнімін сақтауға және көтерме не бөлшек саудада өткізуге тиісті лицензиясы бар тұлғалар ғана жүзеге асыра алады.
Алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумақтарында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату;
Алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату.
Тиісінше, алкоголь өнімдерін басқа жерлерде, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы сату заңнаманы бұзу болып табылады.