Жарияланған күні: 21.10.2024 12:40
Өзгертілген күні: 21.10.2024 12:40

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жыл соңына дейін үшінші елдерден автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салынғанын хабарлайды.

Бұл ретте тыйым салу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден алма әкелуге, сондай-ақ алманың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық транзитіне қолданылмайды.