Жарияланған күні: 23.04.2021 18:24
Өзгертілген күні: 23.04.2021 18:26

«Ана үйі» жақсылық жасайтын әлеуметтік жобаның атауы.

Оның есігі қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер үшін ашық.

Жобаның негізгі мақсаты-баласы бар әйелге баспана беру және жетімдердің санын азайту.

Мұнда тұру да, тамақтану да тегін, өйткені әртүрлі кәсіпорындар мен демеушілер жобаға материалдық қолдау көрсетуде.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы да шетте қалмай,  «Ана үйіне»  көмек көрсетті.

Бүгінгі таңда «Ана үйінде»  жеті жас ана мен сегіз бала тұрады.

Әркімнің өз қайғылы өмір тарихы бар. Дегенмен, олар үмітсіздікке үйренген жоқ. Әркімнің өз арманы мен болашаққа жоспарлары бар.

Біздің қолдауымыз бен назарымыз оларды орындауға көмектеседі деп сенеміз.

Балаларға денсаулық тілейміз  және әрқашан да аналары жанында болсын!