Жарияланған күні: 04.09.2025 14:56
Өзгертілген күні: 04.09.2025 14:57

Құрметті Целиноград, Шортанды,  Аршалы және Ерейментау  аудандарының салық төлеушілері!

2025 жылғы 05 қыркүйекте сағат 10.30-де Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған өңірлік семинар өтеді.

Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысады, олар салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып, сұрақтарыңызға жауап береді.

Өтетін орны: Ақмол а., Гагарин қ., 12, аудандық мәдениет үйі
Күні: 05.09.2025 ж.
Уақыты: 10:30 – 13:00