
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда сағ. 11.00-де Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкіровамен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің «Anticor ortalygy» сервистік орталығының алаңында INSTAGRAM әлеуметтік желісінде anticorruption_aqmola сілтеме бойынша және FACEBOOK әлеуметтік желісінде Anticorruption.aqm.kz сілтеме бойынша «Кәсіпкерлердің мобильдік төлемдерін мемлекеттік бақылау туралы» тақырыбы бойынша тікелей эфир өткізетіні туралы хабарлайды.





























