Жарияланған күні: 15.12.2023 15:28
Өзгертілген күні: 15.12.2023 15:30

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңадан қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде мемлекеттік қызметші Антын қабылдады.

Облыстық мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер  кеңесінің төрағасы Теңбай Ибраев жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауының маңыздылығын, халық пен мемлекет алдындағы орасан зор жауапкершілік, Мемлекет басшысының тапсырмаларын табысты жүзеге асырудың кепілі болмақ.

Антты жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Серік Мәулитов пен камералық бақылау басқармасының бас маманы Сұлтан Мұқатов қабылдады.

Аталған іс-шараның толық жауапкершілігі мен маңыздылығын сезіне отырып, департамент қызметкерлері Еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, сондай-ақ халыққа адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.