Жарияланған күні: 20.04.2020 13:00
Өзгертілген күні: 20.04.2020 13:01

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 114 қаулысы

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2020 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

 А. Мамин