Жарияланған күні: 05.04.2021 18:08
Өзгертілген күні: 05.04.2021 18:09

«Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2021 жылдың 31 наурызындағы № 187 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес арақтарға және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне         1 980 теңге мөлшерінде белгіленді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.