
«Халықаралық қарттар күні» мейрамы жыл сайын 1 қазанында өткізіледі.
Мереке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясымен 1990 жылы 14 желтоқсанында құрылған.
Бұл күн үлкен адамдарының мейрамы. Фашизмді жеңіп, құрылған экономиканы кайта қалпына келтірген және біздің еліміздің табысты дамуына үлкен үлес қосқан осы қариялар.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық және кеден ардагерлерінің құрметіне іс-шара өткізді.
Ардагерлер үшін бейне конференция ұйымдастырылып соның барысында олар кен өңірлеріндегі бұрынғы әріптестерімен көрісуге мүмкіндік тапты.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков өз сөзінде біздің мемлекетіміздің құрылысына, Еліміздің жетістіктеріне үлкен үлес қосқан біздің ардагерлердің өміріндегі жинаған мол тәжірибелері, кейінгі ұрпақтарға үшін үлкен өнеге деп атап өтті.
Ардагерлерді мерекемен құттықтап оларға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейді.
Осыдан кейін, қалалық кафесінде, жомарт дастархан үстінде қарияларға зор денсаулық пен игі тілектер білдірілді.
Баян сүйемелдеуімен зейнеткерлермен бірге «Ана туралы жыр», «Улица родная», «Құстар», «Надежда» және тағы басқа да танымал әндер шырқалды.
Ардагерлердің жүздерінде күлімсірегені көргенде осындай кездесулердің маңыздылығын жақсы түсінеге болады өйткені олардың кейбіреулері тіпті басқа аймақтардан да келіпті.
Іс-шара соңында естілік үшін фотосуреттер түсірілді және сыйлықтар табыс етілді.
Аталмыш шаралар облыстың барлық аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларында өткізілді.
Құрметті ардагерлер, мерекелеріңіз құтты болсын!