Жарияланған күні: 13.05.2020 18:01
Өзгертілген күні: 14.05.2020 09:13

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңгыс Әнуарбеков облыстық мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сафиуллаұлы Ыбраевпен кездесіп, оны «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы» мерейтойлық медаль алғанымен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және бақ-береке тіледі.

      1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын кұрметіне соғыс ардагерлерінің ұлы ерлігіне және батырлығына құрмет көрсете отырып   «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы» мерейтойлық медаль тағайындалды.

        Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне медальдар табыс етілді. Олардың арасында Ақмола облысы мемлекеттік кірістер органдарыңын ардагерлері - тыл еңбеккерлері Теңбай Сафиуллаұлы Ыбраев пен Антонина Николаевна Антонова.

     Ардагер өз ризашылығын көрсетіп шын жүректен алғысын білдіре отырып Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне табыс және сәттілік тіледі.