
Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын Қазақстан Республикасына Армениядан сатып алынған және әкелінген автомобильдерді тіркеу мәселесін Үкімет келесі тәртіппен қарады.
2020 жылғы 20 мамырда "Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 306 қаулысына қол қойылды.
Осы қаулыға сәйкес «... Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу...», заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.
Бұл ретте көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін алым– 0,25 АЕК және мемлекеттік баждар: көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру үшін – 1,25 АЕК, егер салық кодексінің 615 – бабында өзгеше белгіленбесе, автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру үшін-2,8 АЕК төлеуге жатқызылады.
Көлік құралын тіркеу кезінде, кедендік төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алымды және кәдеге жарату алымын төлеуді жүргізудің қажеті жоқ.
Алайда, меншік иесі көлікті бастапқы тіркеу не оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету туралы шешім қабылдаған жағдайда, көлік құралының иесінде жоғарыда көрсетілген төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме туындайды.
Көлік тіркелген сәттен бастап, көлік құралы, көлік құралына салық салу объектісі болып табылатындығын атап өту қажет, өйткені салық заңнамасына сәйкес көлік салығының төлеушілері меншік құқығында салық салу объектілерін иеленетін жеке тұлғалар, бұл ретте салық салу объектілеріне ҚР тіркелген және (немесе) есепте тұрған автокөлік құралдары жатады.
Көлік салығын төлеу мерзімі 31.12.2020 жылға дейін.
Салық сомасы төлеушімен дербес есептеледі.
Сонымен қатар, әрбір салық төлеуші kgd.gov.kz сайтында "көлік салығын есептеу" қосымшасының көмегімен салықты есептеу мүмкіндігін пайдалана алады. Осы қосымша арқылы салық сомасын есептеу үшін мынадай параметрлерді енгізу қажет:
- есептеу жылы;
- есептеу жылындағы айлар саны;
- обект түрі (жеңіл, жүк, автобустар және т. б.);
- қозғалтқыш көлемі мәндерінің диапазоны;
- қозғалтқыш көлемі.