
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Осы жолы олар Көкшетау қаласының орталығында орналасқан «Шайба» ашық базары сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында онлайн бақалау кассалық машиналарын қолдану бойынша пайда болған міндеттеме кәсіпкерлермен талқыланды.
Ағымдағы жылы онлайн бақалау кассалық машиналар қолдануға барлық жерде көшіру кезең-кезеңмен (тоқсан сайын) жүзеге асырылады, 2020 жылға дейін онлайн бақалау кассалық машиналарды қолдануға барлық салық төлеушілерді көшіру жоспарлануда, патент бойынша жұмыс істейтін және бірыңғай жер салығын төлеушілердін қоса алғанда (1.01.2020 жылдан бастап).
Сонымен қатар салықтық рақымшылық жалғасуда. Негізгі қарызды төлеген кезде пайыздар сомасы жеке және заңды тұлғалардан алынады. Алайда бұл мүмкіндік осы жылдың 31 желтоқсанынан кейін өз күшін жоятын болады.
Шараға «Альфа банк» АҚ қызметкерлері қатысты олар салық төлеушілер онлайн бақылау кассалық машиналардаң басқа, баламасы ретінде, web-нұсқаларының сервисі негізінде онлайн кассалық машиналарды қолдану мүмкіндігі туралы атап өтті.
Мысалы NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. WEBKASSA. reKASSA, web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.
Оларды орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады.
Чекті қағазға басып шығару үшін жеке принтер сатып алу қажет.
Сондай-ақ, сатып алушыларға чектер мессенджерлерге хабарлама арқылы немесе электрондық поштаға жіберіледі.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаментінің жоспарына сәйкес әр сейсенбі сайын аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен сауда үйлерінде, ойын-сауық орталықтарында, дүкендерде, және базарларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізіледі.