Жарияланған күні: 04.09.2018 17:52
Өзгертілген күні: 04.09.2018 17:53

Облыс әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаевтың төрағалығымен болып өткен жұмыс кеңесінде биылғы жылдың жаңа астық өнімін және оның қайта өңделген өнімдерін тасымалдау, тиеу бойынша атқарылатын іс –әрекеттерді қамтамасыз ету және үйлестіру мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Кеңеске аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудандық бөлімдерінің, астық қабылдау кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары,Мемлекеттік кірістер Департаментінің және «Қазақстан темір жолы» – «Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.

 Өңір басшысының орынбасары өз сөзінде биыл диқандар алдында 4,7 миллион гектар алқаптың астығын жинап алу міндеті тұрғанын, оның 4,3 миллион гектары дәнді және бұршақты дақылдар, 279,0 мың гектары майлы дақылдар екенін атап өтті.

Дегенмен, орақ науқаны өте күрделі болатыны анық. Өйткені, жаңа астықтың ылғалдылығы өте жоғары. Осыған байланысты астықты тасымалдау, қабылдау, кептіру және сақтау мәселесі туындайды

Кеңес барысында астық пен өнімдер жөнелту, оларды ел ішінде өңдеп, экспорттау кезінде карантиндік және фитосанитарлық сертификаттар және астықты экспорттау кезінде рұқсат құжаттарын беру жөнінде де айтылды. Өңірде дәнді және майлы дақылдарды кедендік декларациялау жөнінде облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елдос Саудабаев жан-жақты айтып өтті.

Кеден саласын жетілдеру мақсатында Сауда және даму БҰҰ конференциясының  қолдауымен Қазақстанда кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі – АСТАНА-1 еңгізілді, бұл жүйе бұрын істеп жатқан бес жүйелерді біріктірді.

Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырыдған жүйесі – АСТАНА-1 интеграцияланған кедендік компонентін енгізу кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың әкімшілік және уақыттық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Астық өнімдерін кедергісіз экспортқа жіберу мақсатында кеденшілер  сыртқы экономикалық қатысушылар, кедендік өкілдер және қызығушылық білдерген тұлғаларымен  кездесу өткізді.

    Себепті өтініш бойынша астық өнімдерін кедендік ресімдеуін кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезіндеде атқарылады.
Сонымен қатар экспорттаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және бизнес климатты жақсарту үшін, астық өнімдерін жөнелту кезеңінде ағымдағы жылдың төртінші тоқсанынан бастап  Ақмола облысының Есіл қаласында «Есіл» кедендік ресімдеу операцияларын жүргізу орны ашылады.

Шара барысында астық өнімін және оның қайта өңделген өнімдерін тасымалдау, тиеу бойынша атқарылатын іс –әрекеттерді қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды.