Жарияланған күні: 26.07.2019 17:47
Өзгертілген күні: 26.07.2019 17:49

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіроістер департаментінің бастамашылығымен, Ақмола облысының «Атамекен» ҰКП филиалының алаңында БКМ қолданылуы, салық төлеушілердің қызметі мен олардың БКМ қолданудағы бұзушылықтардың жоғары тәуекелділігі және де тіркеліп БКМ-сіз жұмыс істеп жатқан салық төлеушілер жайлы дөңгелек үстел отырысы өтті.

         Ақмола облысы бойынша МКД Басқарма басшысы Назгуль Аюпова, бүгінгі күні облыс бойынша 9 202 салық төлеуші 13 395 деректер жіберу функциясы бар БКМ қолдануда. Онлайн БКМ енгізудің арқасында мемлекеттік кірістер органдары, салық төлеушілердің кәсіпкерлік қызметіне араласпай-ақ оларды әкімшілендіру мүмкіндігі бар. 2019 жылдың өткен кезеңін сараптай отырып, 2144 БКМ бойынша нөлдік көрсеткіші бар чектер шығарылғаны анықталды. Бұл ретте ең көп үлес салмағы сауда саласындағы қызметке тиесілі - 45,8%, және басқа да қызметтер ұсыну саласына - 54,2%. Бұл, Көкшетау қаласының, Степногорск, Атбасар, Бурабай, Целиноград аудандары тәрізді үлкен аймақтардың кәсіпкерлері. Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары хронометраждық зерттеуге шықты.

Ақмола облысы бойынша МКД Басқарма басшысы Шынар Мусина қатысушыларды МКД қызметкерлерімен, курорттық аймақта өткізіліп жатқан хронометраждық зерттеудің нәтижелерімен таныстырып өтті. Кәсіпкерлердің табысы күмән келтіргендіктен, бірқатар курорттық аймақ обьектілерінің хронометраждық зерттеуін өткізуін шешілді.

Осылайша, 30 курорттық аймақтың 20 табыстарының бірнеше есеге төмендетілуі анықталды. Хронометраждық зерттеуідің өткізілуі нәтижесінде, «А» азаматымен кәсіпкерлік қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз атқару фактісі анықталды, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге қойылды. Сонымен қатар, хронометраждық зерттеуідің 2 күні ішінде алкогольдік өнімді рұқсат құжаттарсыз (лицензиясыз)  сату бойынша 7 фактісі анықталып, 177 алкогольді өнім бөтелкесі тәркіленді. Әкімшілік материал құрастырылып, бұдан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Курорттық аймақтарда хронометраждық зерттеу жүргізу барысында бірқатар салық заңдылығын бұзушылықтар анықталды, бұл, кейбір салық төлеушілердің адалсыздығы жайлы айтады.

Берілген мүмкіндікті қолдана отырып, Шынар Мусина КІБ субьектілері мен жеке тұлғалар үшін елімізде өткізіліп жатқан салықтық рақымшылық пен «Чекті талап ет, жүлдені ұтып ал!» атты акциясы жөнінде хабарлады.

Кәсіпкерлердің сұрақтарына құзіретті жауаптар берілді.