
Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Әсіресе бұл мерекені балалар күтеді, өйткені оларға Аяз Ата көптеген қызықты сыйлықтар әкеледі.
Өтіп бара жатқан жылдың соңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы игі дәстүр бойынша Зеренді ауданының Қызыл таң ауылының мектебіне жаңа жылдық сапармен барып окушыларды келе жаткан мерекесімен құттықтап және көптеген жаңа жылдық сыйлыктар табыс етті.
Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев балаларға жаңа жылда оқуда озат болуларын, спорттық және тағы басқа жетістіктерді тіледі.
Атап айтсақ ауыл мектебінде өзін іске асыруға барлық жағдайлар жасалғаның атап өткен жөн: би студиясы, халық инструменттерінің оркестрі, бокс, шахмат, «тоғыз құмалақ» халықтық ойынының, волейболдың және спорттын басқа да түрлерінің үйірмелері бар.
Келесі бару орны Сандыктау облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері келе жатқан мерекемен құттықтап балаларға көптеген сыйлықтар, құрастыру түрлі конструкторлар және ең кішкентайларға жұмсақ ойыншық сыйлады.
Әлеуметтік мекемеде 24 тәрбиеленуші, оның ішінде 4 мектеп жасына дейінгі және 20 оқушы тұратыны атап өткен жөн.
Болашақта біздің қамқоршы балаларымыз үлкен, қуатты, интеллектуалды адамдар болып Қазақстанның болашағын қамтамасыз ету үшін барынша күш-жігерін салады деп сенеміз – дейді Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқарманың басшысы Нағима Жаналина.
Шара барысында жасыл шыршаның айналасында балалар ертегілер кейіпкерлері мен және клоундармен би, ән шырқап, ойындар ойнады.
Жаңа жыл баршамызға мол қуаныш әкелсін!