
Көкшетау қаласында «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында облыс орталығының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.
Облыс орталығының тұрғындары Ақмола облысының әкіміне көкейіндегі сауалдарын қоя алды.
Қабылдауға 40-тан астам көкшетаулық келді.
Азаматтарды қабылдауға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, әкімнің орынбасарлары, коммуналдық мекеме басшылары және тағы басқалар қатысты.
Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин қатысып, мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне қатысты сұрақтарға жауап берді.