Жарияланған күні: 15.05.2025 15:09
Өзгертілген күні: 15.05.2025 15:10

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап іске қосылған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңейтілгені туралы хабарлайды. Аталған жоба микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыру мақсатында жүргізілуде, бұл үшін азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді.

      2025 жылғы 15 сәуірден бастап жобаға келесі өңірлер қосылады:

     - Түркістан қаласы (Түркістан облысы);

     -  Біржан сал және Целиноград аудандары (Ақмола облысы).

      Еске саламыз, 2025 жылғы 15 наурыздан бастап жоба келесі аймақтарда жүзеге асырылып жатыр: Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен қаласы), Қостанай облысы (Жітіқара ауданы), Ақмола облысы (Жақсы, Аршалы және Астрахан аудандары).

     Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 15 наурыздан бастап жоба келесі өңірлерде іске асырылып жатыр: Қарағанды облысы (Қарағанды қаласы); Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен қаласы); Қостанай облысы (Жетіқара ауданы); Ақмола облысы (Жақсы, Аршалы, Есіл және Астрахан аудандары); Батыс Қазақстан облысы (Бөрлі ауданы); Солтүстік Қазақстан облысы (Шал ақын, Ғ.Мүсірепов атындағы, Айыртау, Тайынша және Жамбыл аудандары).

    «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Сол үшін қажет:

  1. Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу қажет;
  2. Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алу.

     Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе мобильді телефон балансына жіберуге болады.

     Сыйақыны «IT Analytics» ЖШС операторы «Amian» мобильді қосымшасы арқылы есептейді. Қосымша App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.

      Азаматтарды өз тұтынушы құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық аппараттардың чектерін талап етуге шақырамыз.