
Көкшетауда «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында онлайн бақылау кассалық машиналарды көрсету мақсатында өндірушілер мен әзірлеушілердің қатысуымен жәрменке өткізілді.
Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, онлайн бақылау кассалық машиналар техникалық қызмет көрсету орталықтарының жұмысқерлері қатысты.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметін қолма-қол ақшамен есептесу арқылы жүргізетін салық төлеушілер онлайн кассалық аппаратын қолданулары тиіс. Салық мамандары бұл ретте жеңілдіктер мен артықшылықтар бар дейді.
Онлайн кассалық аппаратқа кезең бойынша көшу 2015 жылдан басталды. Ал 2020 жылы – бұл үрдіс барлық салық салушыларға, оның ішінде патент бойынша жұмыс істейтіндер үшін міндетті болмақ. Облыстағы кәсіпкерлер белсенділік танытып, бүгінде 90 пайыздан астам осындай құрылғы алған. Онлайн кассалық аппарат құны шамамен 60 мың теңге, - дейді мамандар. Бұл ақша белгіленген жеңілдік есебінен кәсіпкерге қайтарылады.
Аталған жеңілдік 2019 жылы онлайн кассалық аппарат алған барлық кәсіпкерлерге қолданылады. Жеңілдіктер жеке-дара табыс салығын төмендету түрінде қарастырылады. Бұл сома 60 мың теңге көлеміндегі бір кассалық аппаратты сатып алуға арналған.
Салық органының мамандары бүгінде онлайн кассалық аппараттың баламасы барын хабарлайды. Web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.Оларды орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады. Салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметіне пайдалану үшін лайықты кассаның моделін өз таңдауға құқылы. Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттік бақылау кассалық машиналардың реестрі kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналыстырылғаны туралы хабарлаймыз.
Онлайн аппараттан артықшылығы – үйден шықпай-ақ бизнесіңізді бақылай аласыз. Барлық ақпарат онлайн түрде беріліп, сақталып отырады. Сондай-ақ онлайн чектің мазмұнына қатысты белгіленген талаптар бар.
Чекте мынадай ақпараттар болуы керек: Салық төлеушінің есімі, сәйкестендіру нөмірі, аппараттың зауыт нөмірі, тіркелген нөмір, сатып алу қай уақыта және қашан орын алғандығын көрсету, тауар құны, қазыналық белгі, аппарат қолданылған аймақ және штрих код.
Салық қызметінің мамандары бүгінде қызметін тоқтатқан барлық кәсіпкерлерге бизнесін және кассалық аппараттарын жабуға шақырады.
2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.
Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды. Сол себепті, соңғы күнді күтпей online бақылау-касса машиналарын сатып алуларыңызды сұраймыз.
Шара барысында кәсіпкерлерден түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.