Жарияланған күні: 04.05.2021 14:41
Өзгертілген күні: 04.05.2021 14:42

Жеңіс күні қарсаңында Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің балалары арасында конкурс жариялайды.

Біз сіздерден шығармалар, очерктер, әңгімелер, өлеңдер, фотосуреттер мен бейнежазбаларды күтеміз.

Онда сіз Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелеріңіз туралы айтуыңыз керек.

Үздік материалдарды МКК әлеуметтік желілердегі парақшаларында және сайтында жариялаймыз.

Осылай бүкіл ел Сіздің отбасыңыздың батырлары мен тарихы туралы біледі.

Материалдарды ba.zauyrbekova@kgd.gov.kz электронды мекенжайына жіберу қажет.