
Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік органдар мен қарапайым бұқараның арасындағы алтын көпір іспетті. Сондықтан да екі жақты жұмыстың одан әрі нәтижелі болуы үшін атқарылар жұмыстың ауқымы да кең. Осыған орай мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді іс-қимыл жасау мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинар барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың ақпараттық белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды. Оқыту семинарының басты жаңалығы - мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары - Мемлекеттік кірістер департаменті Нұрлан Ысқақов және Денсаулық сақтау басқармасы - Шанхи Голубеева шараның спикерлері ретінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс барысында кездесетін түрлі мәселелерді ортаға салды. Бұқаралық ақпарат құралдарымен әріптестік қарым-қатынасты қалыптастыруды үйрету,- дейді ұйымдастырушылар.
Мемлекеттік органдардың жұмысын, ақпаратты дұрыс әрі нақты етіп бере білу бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылда жұмыс істейтін кез-келген қызметкердің басты міндетіне айналуы шарт. Оқыту семинарларының баспасөз хатшылары қызметін белсендетуге зор ықпал етері сөзсіз.
Тұтастай алғанда семинардың нәтижелі жақтары көп. Кездесу барысында баспасөз қызметінің жұмысындағы басты қағидаттар, түрлі акциялар мен іс-шараларды өткізу кезінде қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажеттігі жайында қызу талқыланды.