Жарияланған күні: 10.03.2021 18:58
Өзгертілген күні: 10.03.2021 19:00

1.Салықтық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы екі жолмен алуға болады:

1. Салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz).
- «Салық есептілігі» бөлімінде.
- «Салық берешегі» қойындысы (есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін қарыздардың болмауы (болуы) туралы ақпарат сұрау).
- Өтінішті толтырып, мемлекеттік кірістер органына жіберіңіз.
- Анықтаманы алу үшін сізге «Салық есептілігі» бөліміне өтіп, кезеңді сүзгілерге енгізу керек, егер анықтама дайын болса, «Әрекет» кезекте «Ақпарат» сілтемесі пайда болады.

2. Электрондық үкіметтің порталында (egov.kz)
- Порталға кіріп, «Интернеттегі қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
- Өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе SMS-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелу міндетті).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген сертификатты оқыңыз.
Қызмет көрсету уақыты: сұраныс түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей.

2.Салық есептілігін қалай тоқтатуға ұзартуға, қайта бастауға болады

1.Салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz).
- Салық берешегін тексеру (салық төлеушінің кабинеті арқылы cabinet.salyk.kz, E-Salyq-Azamat мобильді қосымша арқылы) қажет.

- Салық есептілігін тоқтату (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініш берген кезде салық есептілігін табыс ету қажет.

- «Салық өтініш» бөлімі.

- Салық есептілігін тоқтату (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініш.

- Өтінішті толтырып, Мемлекеттік кірістер органына жіберу қажет.

Нәтижесін (салық төлеушінің кабинеті арқылы cabinet.salyk.kz, E-Salyq-Azamat мобильді қосымша арқылы) көруге болады.

Қызмет көрсету уақыты: сұраныс түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей.

3.ЖК ретінде қалай тіркелуге болады?

1.Электрондық үкіметтің порталында (egov.kz)

- elicense.kz порталында тіркеуден өту.

- «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны  туралы хабарлама»  қызметінің бетіне өту. Бұл сілтеме танымал қызметтер тізімінде порталдың басты бетінің  оң жақ блогында elicense.kz сонымен қатар egov.kz порталында «бизнесті тіркеу және дамыту – бизнесті тіркеу және жою» бөліміне өту.

- Қызмет бетінде  Қызметке онлайн тапсырыс беру  батырмасын басу қажет, содан кейін

лицензиарды таңдау ұсынылады, яғни сіз бекітілген салық органын таңдау қажет. Әрі  қарай, салық органын таңдағаннан кейін, ашылған терезеде өтініш жолдарын толтыру қажет.

-Егер сіз ЭЦҚ көмегімен авторизациялансаңыз, олардың көпшілігі автоматты түрде толтырылады.

-Соңғы бөлімінде осы беттің тармағында «Сұрау салуды растау Органының мемлекеттік кірістер», міндетті түрде «Жолдау» батырмасын басу қажет, жібергеннен кейін ЖК тіркеу мүмкіндігін мақұлдау туралы хабарламаны күту қажет.

-Жалғастыру батырмасын басқаннан кейін сіздің болашақ кәсәпорыныңыздың деректемелері мен параметрлері- мекенжайын, атауын, қызмет түрін, салықсалу нысанын көрсету қажет (өрістері бар терезелер ашылады).

-ЭЦҚ қою арқылы жолдайсыз, сұраныс түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей «Менің хабарламам» бөліміне түседі.

  1. Kaspi.kz қосымшасы арқылы
  • «Төлемдер» бөлімі
  • «Мемлекеттік қызметтер, айыппулдар, салықтар» бөлімі
  • «ЖК тіркеу» бөлімі
  • Әрі қарай сіздің деректеріңіз шығады, содан кейін сізге лицензиарды таңдау ұсынылады, яғни сіз бекітілген салық органын таңдау қажет. Бұдан әрі салық органын таңдағаннан кейін Жалғастыру батырмасын басыңыз. Жалғастыру батырмасын басқаннан кейін сіздің болашақ кәсәпорыныңыздың деректемелері мен параметрлерін- мекенжайын, атауын, қызмет түрін, салықсалу нысанын көрсету қажет өрістері бар терезелер ашылады.

Қызмет көрсету уақыты: сұраныс түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей.

4.ЖК онлайн қалай жабуға болады?

1.Электрондық үкімет порталы арқылы  (egov.kz).

- «Электрондық өтініш» бөліміне өтіп, толтырыңыз.

- Бұл ретте өтінішке «ЖК қызметін тоқтату туралы» қоса бересіз.

- Өтінішті берген кезде салық есептілігінің тарату нысанын жолдайсыз.

- ЭЦҚ қою арқылы жолдайсыз.

2.Салық төлеушінің кабинеті арқылы  (cabinet.salyk.kz).

- «Салық өтініш» бөлімі.

- «Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш» қойындысы.

-  Өтінішті толтыру және Мемлекеттік кірістер органына жіберу.

Қызмет көрсету уақыты: ҚР Салық Кодексінің 67 бабы бойынша оңайлатылған тәртіппен жабылған жағдайда сұраныс түскен күннен бастап 10-күні көре аласыз, ал 66 бабы бойынша жабылған жағдайда сұраныс түскен күннен бастап 30-күні көре аласыз.

5.Менің ЖК ашылғанын растайтын деректерді қалай көруге болады

1.E-Salyq-Azamat мобильді қосымша арқылы

- «Электрондық қызметтер» бөлімі

- «Салық төлеушілерді іздеу» қойындысы

- ЖСН теріңіз және «Табу» батырмасын басыңыз

2.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы (kgd.gov.kz)

- «Салық төлеушілерді іздеу» бөлімі

- ЖСН теріңіз және «Табу» батырмасын басыңыз

6.Менің ЖК жабылғанын растайтын деректерді қалай қарауға болады

  1. E-Salyq-Azamat мобильді қосымша арқылы
  • «Электрондық қызметтер» бөлімі
  • «Салық төлеушілерді іздеу» қойындысы
  • ЖСН теріңіз және «Табу» батырмасын басыңыз
  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы (kgd.gov.kz)

-  «Салық төлеушілерді іздеу» бөлімі

      -  ЖСН теріңіз және «Табу» батырмасын басыңыз

7.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарды  және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарды төлеу үшін қандай деректемелерге төлеу қажет?

1.Жеке кәсіпкерге төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары

Соммасы – 2975 теңге- СТК 122

Өсімпұл – СТК 124

2.Жұмысшыларға төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары

Негізгі қарыз - СТК 121

Өсімпұл – СТК 123

8.Әлеуметті аударымдарды төлеу үшін қандай деректемелерге төлеу қажет?

Әлеуметті аударымдар:

Негізгі қарыз - СТК 012

Өсімпұл – СТК 017

9.Зейнетақы жарналарын төлеу үшін қандай деректемелерге төлеу қажет?

Міндетті зейнетақы жарналары:

Негізгі қарыз - СТК 010

Өсімпұл – СТК 019

10.Салық есептіліген қалай қайтарып алуға болады?

Салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz)

- «Салық өтініш» бөлімі

- «Салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш» бөлімі

- Салық өтінішін толтырып, Мемлекеттік кірістер органдарына жіберу қажет