Жарияланған күні: 11.10.2021 18:06
Өзгертілген күні: 11.10.2021 18:07

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қалалық ардагер кеңесінің жұмысында белсенділік танытқаны үшін  облыстық мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Тенбай Сафиуллаұлы Ыбыраевқа, еңбек ардагерлері Тыныштық Мұқатқызы Ахметоваға, Күләш Ходжанқызы Темірбаеваға, Лариса Ханафиевна Аитоваға алғыс хаттар табыс етті

Шара барысында қарттар айлығына орайластырылған ардагерлер арасында жыл сайынғы дәстүрлі шахмат-дойбы турнирінің ашылуы өтті.

Мерейтойлық 20-шы турнирге 65 және одан жоғары жастағы барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Іс-шараға Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Рүстем Қалишев қатысты.