
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты ҚР Н.Ә. Назарбаевтың халқына жолдауы атты тақырыпта «Нұр Отан» Партиясының «Салық» бірінші партиялық ұйымының төрағасының орынбасары Аслан Абдрахмановтың сөз сөйлеуі өтті.
Елбасының қойылған барлық мақсаттары мемлекетіміздің өркендеуі және қазақстандықтардың өмірлік сапасы жақсаруына бағытталған. Жаңа инициативалар тұрғын үй, білім, бизнес және газификациялау салаларын қозғаған.
Лектордың айтуы бойынша адамдар президенттің инициативаларына позитивті ілтипат білдіруде, өйткені ол әр Қазақстандық отбасына қатысты. Ол деген жеке табыс салығын азайуы немесе тұрғын ұй сатып алуға жаңа мүмкіндіктер.
Сыйақы мөлшері 7% -дан асырмауы, қазіргі таңда 14-16%. Қазіргі таңда банктер алғашқы төлемге 30%, кейде 50% талап етсе, осы бағдарлама бойынша алғашқы төлем 20% асырмайды. Несие мерзімі 10-15 жыл емес, 25 жылға дейін ұзатырылған, ай сайынғы төлемдерді төмендету үшін.
Өткен жылмен салыстырғанда микронесиелендіруді 20 млрд. теңгеге көбейтуге Президент тапсырма берді.
Жалпы сомманың көлемі 62 млрд. теңге құрайды , өз бизнесін бастай алатын адамдардың саны екі есе көбейеді және 14 мыңға жетеді.
Президенттің тағы айтқаны ол білімнің қол жетімді және сапалы болуы қажет. Осы мақсатқа қол жетуде жыл сайынғы 54 мың грантқа қосымша 20 мың грант берілді.
Еліміздің газификациясын көбейтуде, әсіресе орта және солтүстік аймақтарды, Қараөзек (Қызылорда облысы)- Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағытында магистральдік газпроводың салуы ұсынылды.
Бүгінде қойылған инициативалар тек халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығы болғанда табысқа жетеді.
Мемлекеттің жаңа ықпалдары барлық қазақстандықтарға әсер етеді.
Қоғам, өз тағдырын біздің елмен байланыстырып болашағын жоспарлауға жаңа мүмкіндік алады.