
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу және жол бермеу бойынша ерекше назар аударылады, сондай-ақ біздің Департаменттің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген тұлғалардың, өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды пара беруге немесе алуға апаратыны көпшілікке мәлім.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде теріс әсер етеді, сонымен қатар мемлекетіміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне үлкен зиян келтіреді.
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары қатарында сыбайлыс жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнематериалдарды тарнсляциялаудың бірыңғай күні шеңберінде, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық бөлімшелерінде және оның аумақтық басқармаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы бейнероликтерді көрсетумен ақпараттық оқу өкізілді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды қолдану сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы оң-іскер қадамдар болып табылып, Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін және салық төлеушілер тарапынан сенімін арттыруға көмектеседі.