Жарияланған күні: 26.01.2018 18:27
Өзгертілген күні: 26.01.2018 18:28

 Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамасымен  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жемқорлыққа қарсы күрес туралы 9-шы тармағын талқылау бойынша республика аумағында біріңғай ақпараттық сағатын өткізуді қолдады.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маман- аса маңызды істер жөніңдегі аға офицер Нұрым Сейтахметов сөйледі. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді деп атап өтті. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.

Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.

Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.

Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.

Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.

Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.  

Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.

Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.   

Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыруда.  

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бағдарлама құжатын талқылауды үлкен ынта мен жұмыс рухымен танысты.