
Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы шығарылды.
Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 141 млрд. теңге түсті.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 5,5 млрд. тенге, астам қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 2,2 млрд. теңге, қамералдық бақылау - 2,8 млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 0.4 млрд. теңге, кедендік әкімшілендіру – 35 млн. теңге, акциздерді әкімшілендіру - 6 млн. тенге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 32 млн. теңге және басқалар.
Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 3 мың 243 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 74 % жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанда 210 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,9 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстырудың арқасында еңбек ресурстары оңтайландырылды, қағаз құжат айналымы, көрсетілетін қызметті алушылардың уақыты және қаржылық шығындары қысқарды, тікелей байланыстар азайтылды және нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды.
Шара аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында өтті.
Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.