
Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылғы алты айдың қорытындысы шығарылды.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 89 млрд. теңге түсті өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 10,5 млрд. теңге артық түсті.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 5 млрд. теңге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау - 1 млрд. 635 млн. теңге, электрондық шот фактуралар және «Виртуалдық қойма» модульдің мәліметтерді пайдалануымен әкімшілендіру - 1 млрд. 321 млн. теңге, ҚҚС қайтаруды және асып кетуін әкімшілендіру - 327 млн. теңге, салықтық тексеру – 558 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 712 млн. теңге.
Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде бес мыңнан астам тауар декларациясы ресімделген.
Мемлекеттік кірістер департаментінің сыртқы сауда айналымы 614 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде импорт 282 млн. АҚШ дол., экспорт – 332 млн. АҚШ дол. Жыл басынан бастап төрт жүз мыңдай мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 98 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.