
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Мейірбек Байгелов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы директорының орынбасары Самат Бекенов, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Мұратбек Мусин, бағытты басқармалар жетекшілері қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Шарада «көшіп-қонушылар» бойынша талап-арыздары жөнінде және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы жалпы бірлескен әдістер әзірленді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша хаттама дайындалып, осы бағытта жұмыстарды ұйымдастыруға аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларына нұсқау жіберіледі.