
Егер Сізге еңбек өтілі қажет болса және Сіз еш жерде ресми түрде жұмысқа орналаспасаңыз, бірақ қызмет көрсетуден немесе жұмыстарды орындаудан түскен табыстарыңыз болса, онда сізді Бірыңғай жиынтық төлемі нақты қызықтырады!
Бірыңғай жиынтық төлем дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғамен төленуі мүмкін.
Бұл ретте, осы жеке тұлға:
-тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге;
-өз өндірісіндегі жеке қосалқы шарушылықтың ауыл шарушылық өнімдерін жеке тұлғаларға ғана өткізуі керек.
Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алынатын табыстың мөлшері күнтізбелік жылда айлық есептік көрсеткіштің 1175-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс, бұл 2020 жылы-3 114 925 теңгені құрайды.
БЖТ төлеудің негізгі артықшылығы:
- еңбек өтілін алу мүмкіндігі және соның нәтижесінде базалық зейнетақы мөлшерін арттыру;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу мүмкіндігі және медициналық қызметтерді алу.
БЖТ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі, қала тұрғындары үшін - 1- еселенген АЕК мөлшері, бұл 2020 жылдың аяғына дейін 2 651 теңгені құрайды және ауыл тұрғындары үшін - 1- еселенген АЕК мөлшері, бұл 2020 жылдың аяғына дейін 1 325,5 теңгені құрайды.
БЖТ төлеушілері салықтық есептелікті ұсынбайтындығы және БЖТ kaspi.kz. қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ төлеуге болатындығы Сіздер үшін қолайлы.