Жарияланған күні: 31.05.2021 18:15
Өзгертілген күні: 31.05.2021 18:18

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу және жол бермеу бойынша ерекше назар аударылады, сондай-ақ біздің Департаменттің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген тұлғалардың, өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды пара беруге немесе алуға апаратыны көпшілікке мәлім.

​         Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде теріс әсер етеді, сонымен қатар мемлекетіміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне үлкен зиян келтіреді.

​         Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлесіп лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа теріс қатынасын қалыптастыратын алдын алу сипатындағы іс-шаралар жүргізілуде.

​         "ANTIKOR.LIVE" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Департаменттің және аумақтық басқармалардың басшы құрамы Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты салық төлеушілердің назарына жеткізе отырып, белсенді түрде қатысады.

​         Тоқсан сайын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Талдау қорытындылары бойынша барлық ұсыныстар мен ұсынымдар осы ұсынымдарды іске асыру бойынша шешімді қарау және қабылдау үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тиісті орындалуын бақылау мақсатында департаменттің барлық ғимараты бойынша бейнебақылау камералары жұмыс істейді, шағым жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік деңгейін қалыптастыру мақсатында Күн сайын әрбір қосу кезінде және жұмыс күні басталар алдында Департамент және оның аумақтық басқармалары қызметкерлерінің дербес компьютерінде ескерту ретінде "заңға қайшы нәрсе жасамас бұрын - ОЙЛАН!!! Әрқашан есіңде сақта – сені үйде күтуде!!!"Сондай-ақ, компьютерді бұғаттау үшін экран сақтағышы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау қажеттілігі туралы, оның ішінде қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау туралы еске салу бейнесі орнатылған.

​         Пара алу, алым алу және т. б. бопсалау фактілерін анықтауға қатысты сұрақтарды сауалнамаға енгізе отырып, жауапты басшылар тарапынан жұмысты дұрыс ұйымдастырмау салдарынан жағымсыз моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында қызметкерлер арасында тұрақты негізде әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі.

         Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жоғарыда көрсетілген шараларды қолдану сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы оң-іскер қадамдар болып табылады, олар Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін және салық төлеушілер тарапынан сенімді арттыруға көмектеседі.