
«Достар» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының 5 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтті. Шараға облыс Әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы, мемлекеттік органдарының басшылары, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты. Мерекелік шараны ашу барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының жүйесін құру тарихи аспектілерін атап өтті.
Салықтық және кедендік құрылымдарды біріктіру бизнес жүктемесін және қайта тексерулерді азайтып, адал бизнесті қолдауға жол ашты. Егер 2015 жылы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банкінің рейтингінің 77 орында болса, казіргі танда Қазақстан әлемнің жетекші елдерінің 30-ғына кіріп 28 орынға ие болып отыр. Бұл Орталық Азия елдерінің арасында ен жақсы нәтиже.
Бүгінгі танда біздің Департамент ол жоғары білікті мамандар құралған бірыңғай ұжым, өзінің күнделікті еңб егімен мемлекеттік кірістер органдарының басты міндетіні - Мемлекет бюджетін толықтыруды қамтамасыз етуде –дейді Шыңғыс Әнуарбеков.
Жаңа экономикалық ағуалдары Еліміздің дамуына жаңа міндеттер қояды.
Жоғары кәсіби біліктілік және жұмыс тәжірибесі біздің қызметкерлерімізге мемлекеттік кірістер органдарының алдына қойылған міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
5 жыл ішінде мемлекеттік бюджетке 83 млрд теңгеден 159 млрд теңгеге дейін салық түсімі артты.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындысы бойынша салықтар мен төлемдерді әкімшілендіру жұмыстарын атқару нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша 6,4 млрд. теңге түсті.
Бұл көрсеткішке біздің Департамент басқа да облыстық мемлекеттік органдарымен бірлескен жұмысы нәтижесінде қол жеткізді.
Сонымен қатар шарада бұрынғы басшылардың және еңбеқ ардагерлерінің мәні мен жұмысы ерекше аталып өтілді.
Облыс Әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы өз сөзінде мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттің қаржылық және экономикалық сұрақтарын шешуде маңызды рөл атқаратының атап өтті.
Кәсіби мереке құрметіне мінсіз еңбегі және өз міндеттерін мүлтіксіз орындағаны үшін бірқатар қызметкерлер облыс Әкімінің алғыс хаттарымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Мерекелік шара Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің үйымдастыруымен дайындалыңған концертпен аяқталды.