
Еліміздің жетістіктеріне үлкен үлес қосқан біздің ардагерлердің өміріндегі жинаған мол тәжірибелері, кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Рухани, адамгершілік құндылықтарды сақтап, ұрпақтан ұрпақка жалғастырып келе жатқан да осы қариялар.
Олардың бірі Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер Қеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев.
Теңбай Сәпиоллаұлы белсенді азаматтық ұстанымымен сипатталады, оның үлкен беделі өңірде танымал.
Ардагерлер үшін кездесулер, саяхаттар, бейне конференциялар ұйымдастырылуда. Бұл шаралар барысында олар кең өңірлеріндегі бұрынғы әріптестерімен көрісуге мүмкіндік алады.
Дәстүр бойынша, жаңа жыл қарсаңында ардагерлер сыйлықтарға ие болады.
Ардагерлер ұйымының мүшелері бұл кісі туралы «іскер адам» ретінде мінездеме береді.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы ардагерлер ұйымын әрдайым қолдайды.
Ардагерлер Мемлекеттік кірістер департаментінің өміріне белсенді қатысуда.
Бірде бір мереке, Мемлекеттік кірістер департаментінің спорттық және мәдени шаралар ардагерлер кеңесінен назарынан тыс қалмайды.
Студенттермен және мектеп оқушыларымен кездесу барысында Теңбай Сәпиоллаұлы соғыс жылдарында, құрдастарымен жастарына қарамастан, ауылдық жұмысқа тынымсыз еңбек еткені және соғыстан кейінгі кезеңде елді қалпына келтіргені туралы естеліктерімен бөліседі.
Құрметті Теңбай Сапиоллаұлы!
Сізді 87 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді осы таңда адам өмір жолының асқар биігі, Салық саласының қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде танимыз.
Сіз еліміздің дамуына өз үлесіңізді қостыңыз. Тынбай еңбек еттіңіз. Бүгінгі күні де Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде әрі қарай елімізге еңбек сіңіріп келесіз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды адалдыққа, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз.
Бұл жылдар Сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Сізге Қазақстан Республикасының салық саласында адал еңбегіңіз үшін шын алғысымызды білдіре отырып, өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы