
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің қорытындылары туралы. Фискалдық әкімшілендіруді цифрландыру» тақырыбы бойынша брифинг өтті. Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Мусин Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ағымдағы жылдың 8 айындағы қызметінің қорытындылары туралы хабарлады. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 177,2 млрд. теңге түсті өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 44,3 млрд. теңге артық түсті. Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 13 млрд. 880 млн. теңге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша: Электрондық шот-фактуралардың мәліметтерін және "Виртуалды қойма" модулін пайдалана отырып әкімшілендіру - 4 124 млн.т. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша - 4 029 млн.т. Салық берешегін өндіріп алу – 1 752 млн.т. Салықтық тексерулер – 800 млн.т. Ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру – 815 млн.т. ЕАЭО шеңберінде әкімшілендіру – 764 млн.т. Үшінші тұлғалардың деректер базасының мәліметтерін пайдалана отырып әкімшілендіру – 532 млн.т. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру – 350 млн.т. Кедендік әкімшілендіру – 236 млн.т. Онлайн-БКМ мәліметтерін пайдалана отырып әкімшілендіру – 181 млн.т. Резидент еместерді әкімшілендіру – 98 млн.т. Оңалту және банкроттық рәсімдерін бақылау – 105 млн.т. Акциздерді әкімшілендіру – 77 млн.т. ҚҚС қайтаруды және ҚҚС асып кетуін әкімшілендіру – 17 млн.т. Жоғарыда көрсетілген бюджетке қосымша түсімдерді Мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етілді. Бизнес процестерді цифрландыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Астана-1 АЖ, Тәуекелдерді басқару жүйесі АЖ, Электрондық шот-фактуралар АЖ ақпараттық жүйелерді кеңінен енгізуде. Бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап "E-salyq-Azamat" электрондық салық әмияны "мобильді қосымшасы іске қосылды. Осы қосымшаның арқасында қате есептелген салықтар немесе иесіз жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін түзетуге болады. Сондай-ақ, қосымша салық әмиянын онлайн режимінде толтыру мүмкіндігін, салық төлеушінің өтінішінсіз онлайн-есеп айырысуды жүргізу мүмкіндігімен төлемдерді бірыңғай бөлшектерден қабылдау және өңдеу қызметін ұсынады. Калькуляторды пайдалана отырып, салық төлеушілер көлік салығын, жеке табыс салығын, өсімпұлды есептей алады. Азаматтарға салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, электрондық түрде алуға мүмкіндік бар. Кәсіпкерлер үшін «Е-Salyq-Business» мобильді қосымшасының функционалы таныстырылымы өтті. Мемлекеттік кірістер комитеті «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» пилоттық жобасын іске асыру мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдады: 1) ЕАЭО шеңберінде акцизделетін тауарлар, тауарлардың импорты мен экспорты, Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылады; 2) ДСҰ-ны алу тізбесінен қалған тауарлар және таңбаланған тауарлар (оның ішінде Цифрлық таңбалауды қолдана отырып темекі өнімдері) бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 қазаннан басталады, аяқталу мерзімі – 2022 жылғы 1 тамызға дейін. Айта кету керек, Мемлекеттік кірістер органдары пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкцияларын қолданбайды. Пилоттық жоба шеңберінде "шағын сауда нүктелері" үшін ТІЖ ресімдеу және растау тәртібі оңайлатылды, яғни көбінесе бұл "үйдегі дүкендер". Осы санат үшін жеке тұлғаларға тауарларды өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу жөніндегі талап алынып тасталды. Сондай-ақ акцизделетін өнімдерді (алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін) қоспағанда, бөлшек саудада өткізушілерден ТІЖ-ны растау не одан бас тарту талап етілмейді. Шағын сауда нүктелері үшін виртуалды қоймадағы тауарлардың қалдықтарын есептен шығару талабы алынып тасталды, есептен шығару ТІЖ ресімделген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң автоматты режимде жүзеге асырылады. Темекі өнімдерін цифрлық таңбалау Қазақстанда күшіне енген темекі өнімдерін міндетті таңбалау туралы Жарлыққа сәйкес 2020 жылдың 1 қазанынан бастап міндетті болып табылады. Қазақстанда өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған барлық темекі өнімдері Data Matrix кодымен белгіленген. Бұл код темекі өнімдері туралы ақпаратты қамтиды. Онда өндіруші, импорттаушы туралы «қорғаныс» цифрлық ақпараты, тауарлар партиясының реттік нөмірі және оның қозғалысын бақылауға қажетті басқа да ақпарат бар. Бұл республиканың темекі нарығында көлеңкелі айналымды азайту және сертификатталмаған және сапасыз өнімдерді айналымнан шығару үшін жасалып отыр.Ол үшін өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сатушылар ЭЦҚ арқылы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркелуі қажет Мемлекеттік кірістер комитетінің қабылдаған шешімі бойынша соңғы тұтынушыларға сату кезінде таңбаланған темекі бұйымдарын сканерлеу және айналымнан шығару қажеттілігі алынып тасталды. Тиісінше, 2 Д сауда нүктелерін сканерлермен қамтамасыз ету алынып тасталады. Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушінің Мемлекеттік сатып алудағы қаржылық орнықтылығы бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен әлеуетті өнім берушілер ұсынған қосымша салық есептілігі бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін жаңарту және олардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл шаралар қаржылық орнықтылық көрсеткішін жасанды түрде арттыру мүмкіндігін болдырмау жолымен Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасында адал бәсекелестікті дамыту мақсатында қабылданды. Онлайн сұхбаттың толық нұсқасын Сіз https://www.instagram.com/p/CUZM4Qeo-Q5/ сілтеме бойынша көре аласыз.