
20 шілдеде «Атамекен» кәсіпкерлер Палатысының облыстық филиалымен құрылған бухгалтерлік клубының кезекті отырысы өтті.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Саят Саукомбеков Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі нәтижелерінде тоқталды.
«Ағымдағы жылда өндірісте болған 99 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, олардың 56-сы (56,6%) экономикалық қызмет саласында анықталған. Заңсыз айналымнан 370 мың бөтелкеден астам алкоголь өнімдері, 3 тонна спирт және 30 мыңнан астам темекі қорапшалары анықталды. Олар бойынша төленбеген акциздер соммасы 90 млн. теңгеден асты. Барлық істер сотқа жіберілді, ал тәркіленген өнімдер сот шешімі бойынша мемлекеттің табысына айналдырылды, бір бөлігі жойылды. Көкшетау қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобын әрекеттінің жолы кесілді. Күдіктілермен МКД экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне заңсыз бизнесті кеңейту мақсатында ай сайын 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынылды. 2018 жылғы 12 маусымнда жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері МКД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасымен қызметкерлерімен бірлесе отырып қаражатты ұсыну кезінде күдіктілерді ұстады» - деді Саят Махметович.
Одан әрі «Fusion Center» тобының жұмысы туралы айтылды.
3.0 Жаңғырту, «Салық жинауды арттыру» жобасының аясында құқық қорғау, салық және кеден қызметінің қызметкерлері санынан «Fusion Center» жұмыс тобы құрылды. Айтылған топтың жұмысы экономиканың әр-түрлі секторларында едәуір зарар тигізетін қылмыстық схемаларын анықтау болып табылады. Ақпараттық базаларға тікелей қол жеткізудің арқасында жұмыс кәсіпкерлік іс-әрекетке араласпай-ақ жүзүге асырылады. Қазіргі уақытта «Fusion Center» тобымен анықталған 8 қылмыс бойынша дәлелдемелер жинау жұмыстары жүргізілуде. Соңында Саят Махметович бухгалтерлерге егер контрагенттердің адалдығында қандай да бір күмән болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанға дейін жағдайды қосымша салықтық есептерді тапсыру арқылы түзетуді ұсынды.
Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінің басшысы Арман Кульжанов бухгалтерлерді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген өзгертулермен таныстырып өтті.
Кәсіпкерлерге көмек ретінде Ақмола облысы бойынша ҚР БП Комитетінің басқармасының аға прокуроры Толқын Мукашева «QAMQOR» мобильді қосымшасы таныстырылған. Бухгалтерлердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді. Ақмола облысының бухгалтерлер ассоциациясының төрағасы Вероника Субач баяндамашыларға қызықты сұхбаты үшін алғысын айтты.