Жарияланған күні: 05.11.2020 17:43
Өзгертілген күні: 05.11.2020 17:44

Қазақстанда «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акция өтуде. Оның мақсаты көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және ел бюджетін толықтыру. Акцияның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өзіңіздің сатып алудағы фискалдық түбіртектерді қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы WIPON-ның жаңартылған нұсқасында сіз жалпы чек сомасының 1% -дан 20% -на дейінгі соманы ұтып ала аласыз.

Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  қыркүйек айында акцияға қатысушылар арасында ай сайын қосымша ұтыс ойыны өткізілді. Кездейсоқ компьютерлік іріктеу әдісімен 8 жеңімпаз анықталды.

Атбасар ауданың тұрғыны Нұржан Ұндібай миксер жүлдесін алды, Қорғалжын ауданың тұрғыны Жанат Апендин манты қазанға ие болды, Ақкөл ауданың тұрғыны Анатолий Молоков  жүлде - көкөніс кескіш, Біржан Сал ауданың тұрғыны Жанабек Ғалиев жүлде – электр шайнек, Целиноград ауданың тұрғыны Жадыра Касаева жүлде - фен, Сандықтау ауданың тұрғыны Вадим Фролов жүлде - миксер, Зеренді  ауданың тұрғыны Райхан Ғабдуллина жүлде - фен және Көкшетау қаласының тұрғыны Алена Петченко термопот иесі болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Бүгінгі күні акцияға 3696   ақмолалық қатысуда, олардың 759 жүлдегер атанды.

Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - 1 миллион теңге ұтысына қатыса алады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.