Жарияланған күні: 20.01.2017 17:05
Өзгертілген күні: 20.01.2017 17:06

Көкщетау қаласындағы Достар Үйінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы және болашағы туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан кәсіпкерлер әйелдер одағының төрағасы Меруерт Қазбекова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры, Мемлекеттік кірістер департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, облыстық басқармалары,  екінші деңгей банктердің өкілдері және іскер әйелдер қатысуымен «дөңгелек үстел»  отырысы өтті.

Бүгінде облыста 60 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп жатса, оның 60 пайызын әйелдер қауымы басқарады екен.

Дөңгелек үстелге қатысушылар халық қалаулысының өңіріміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға қолынан келгенше көмегін беріп жатқандығына ризашылығын білдірді. 
Медицина саласындағы «Басар» ЖШС директоры Рауза Бейсекей өзінің бизнестегі табысымен бөлісті.

Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова облысымызға сапары барысында кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті жүргізуге қатысты өзекті мәселелерін талқылады.