Жарияланған күні: 27.01.2016 10:18
Өзгертілген күні: 27.01.2016 10:21

Былтырғы жылдың желтоқс айынан бастап Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшесі болып табылады, жәнеде 15-ші желтоқсаннан бастап 1 мың 347 тауарлық позицияға ДСҰ тізбесінің шеңберінде кедендік баж төмендетілді.

Дүниежүзілік сауда ұйымы тізбесінің шеңберіндегі баж  автокөліктер, азық-түлік өнімдері, ағаш материалдары, сымдар мен кабельдер, жеңіл өнеркәсіп тауарларының бөлігіне және тұрмыстық техника тауарларының жекелеген тобына төмендетілді.

Егер тауар біздің республикамызда тұтынатын болса, онда импорттаушы төмендетілген баж бойынша төлеу құқығын пайдалануға мүмкіндігі бар.  Бірақ бұл тауарлар бұдан әрі Қазақстаннан тыс жерлерге экспортталмауы керек. Егер де, бұл тауарларды импорттаушы ЕАЭО (еуразиялық экономикалық одақ) мемлекеттеріне – Ресейге, Беларусь, Қырғызстан және Арменияға қайта сатуды шешсе, онда ол бажды  жоғарлатылған мөлшерлеме бойынша ЕАЭО қолданылатындай төлеуі кажет.

Төмендетілген мөлшерлемеде импортталатын тауарларды бақылау үшін, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде кеден және салық блоктарының қызметкерлерінен мобильді тоб құрылды.

Көкшетау – Петропавловск, Көкшетау – Омбы және басқа да бағыттағы тас жолдарында жүк тасымалдаушыларды тексеру бойынша жол полиция органдарының қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.

     Мобильді топтың тек бір күндік жұмысының нәтижесі бойынша 12 үлкен жүк автокөліктері  (фуралар) тоқтатылып жолдама құжаттар (кеден декларациялары, көліктік-тауарлық жүк құжаттар, сертификаттар, жүктің жіберушілері мен алушылары, жол жүру маршруттар және т.б.) тексерілді.

Көкшетау қаласында «Жеке Батыр» сауда орталығының аумағында  78 салық төлеуші зерттеліп тексерілді, осылардың ішінен екеуі ДСҰ шарттары бойынша тауар әкелген. Жүргізілген іс-шараның нәтижесі бойынша бизнес субъектерлеріне ДСҰ шеңберінде жұмыс істеу шарттары түсіндірілді, сонымен бірге жадынамалар табыс етілді.  

  Алдағы уақытта Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлер Палатасымен өзара әрекеттесу Меморандумының шеңберінде бірлескен рейдтік іс-шаралар мен көзбен қадағалаулардын жүйелі түрде жүргізуді жоспарлайды.    

Сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылардың мәліметіне, төмендетілген әкелімді кеден бажы қолданылатын  тауарлар тізімі, өлшем мөлшері және әрекетінің мерзімі жайлы  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/ мекен жайы бойынша ДСҰ бөлімінде орналастырылған.   

Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары Ақмола облысы бойынша ІІД – ның жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен, облыс аумағында қызметін тиісті құжаттарсыз және тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жедел – алдың алу  шаралары жүргізілді.

Айта кетсек, Көкшетау қаласында 24 автобус және 75 такси тоқтатылып, нәтижесінде  жүргізушілермен жолаушылар тасымалын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.