Жарияланған күні: 31.03.2021 06:45
Өзгертілген күні: 31.03.2021 06:48

Бұл мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:

• активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;

• салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;

• салық берешегін тексеру;

• артық төленген салықтарды есепке жатқызу;

• мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;

• салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);

• жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;

• жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;

• мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.

«e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.

Толығырақ ақпаратты «1414» және 8-7162-91-11-10 нөмерлеріне хабарласу арқылы алуға болады.