
«Е-Salyq Azamat» мобилдік қосымшасы салық төлеушілер үшін тиімді және кез келген азамат үшін қолжетімді.
Бұл мобилді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:
- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы декларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
- салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
- салық берешегін тексеру;
- артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
- мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
- салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
- жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
- жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
- мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.
«Е-Salyq Azamat» мобилдік қосымшасының тиімділігінің бірі- тұрғындардың банк бөлімшесіне бармай-ақ, комиссиясыз мерзімінде салығын төлей алуы.