
Ақмола облыстық РТ РК Қазақстан филиалының эфирінде «Ақиқат сызығы» бағдарламасында «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» тақырыбында редактор Сәден Әлмүсаевтың сұрақтарына Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының бысшысы Ахметжан Хасенов және акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ержан Шүлембеков жауап берді.
Сұхбат барысында спикерлер 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын тауарлар бойынша, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі импорттық-экспорттық операциялар бойынша, акцизделетін өнімдер бойынша «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобасы» іске асырылатыны туралы айтып жеткізді.
Онлайн сұхбаттың толық нұсқасын Сіз келесі сілтеме арқылы көре аласыз: http://kokshetautv.kz/ru/archive/programs/programs_social_economic/liniyapravdy/1165025