Жарияланған күні: 02.08.2019 09:06
Өзгертілген күні: 02.08.2019 09:32

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2019 жылғы  бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 78 млрд. 520 млн. теңге түсті (жоспардан артық 2 млрд. 497 млн. теңге қамтамасыз етілді)  өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 817 млн. теңге артық түсті.

  Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 5 мың 320 тауар декларациясы ресімделген, бұл көрсеткіш өткен жылдың  тәкілеттес кезеңімен салыстырғанда  8 % артық.

Мемлекеттік кірістер департаментінің  сыртқы сауда айналымы 528 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде импорт 222 млн. АҚШ дол., экспорт – 307 млн. АҚШ дол. Өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы 62 млн. АКШ дол.  артты, ал импорттың көлемі 17 млн. АКШ дол. төмендеуі байқалады.

Қамералдық бақылау нәтижесінде ағымдағы жылда 2 млрд. 599,3 млн. теңге мөлшері салықтар мен төлемдер есептеліп, оның ішінде 2 млрд. 22 млн.теңге өндіріліп алынған. Өткен жылдың  тәкілеттес кезеңімен салыстырғанда бюджетке 530,7 млн.теңге  немесе 202,2 %  артық түсті.

Кездесу барысында аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларын және кеден бекеттерінің жұмыстары, кедендік төлемдерінің және салықтардың түсімі, мемлекеттік қызмет қөрсету, салық борышты жинау бойынша, акциздерді әкімшілендіру бойынша және басқа да мәселелері талқыланды.

Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.

Департамент басшысы Шыңғыс Әнуарбеков жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде жылдық болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету,  салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.