
2024 жылдың 4 желтоқсаннан бастап елімізден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды.
Шектеу 2024 жылғы 4 желтоқсанда күшіне енген «Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің 2024 жылғы № 410 бұйрығымен енгізілген.
Аталған бұйрық алты ай қолданыста болады және ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршіктері» кодтарын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салады.