Жарияланған күні: 30.12.2016 17:15
Өзгертілген күні: 30.12.2016 17:17

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде борыштармен жұмыс істеу басқармасының бас маманы Доскен Шерьязовпен салтанатты қоштасуы өткізілді.

Доскен Қойшынұлы салық қызметінде 25 жылдан артық жұмыс істеді. Көкшетау облысының мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы лауазымынан бастап қолдарын босатпай әртүрлі лауазымдарында оның ішінде басқарушы  лауазымдарда жұмыс істеді. Жұмыс уақытында өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсетті, әріптестердің үлкен абыроймен және құрметімен пайдаланды. Отан үшін көп жылдық және жемісті жұмысы бірнеше рет аумақтық және орталықтың басшылығымен белгіленген.

Қазақстан Республикасы салық қызметінің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік кірістер министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Мемлекеттік қызметінде салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерін толық түсуін қамтамасыз ету бойынша мінсіз еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының салық қызметіне 20 жыл» мерейтойлы медалімен және  «Салық қызметінің үздігі» медалімен марапатталды.

         Осы күні Доскен-ағаға көп жылы алғыс сөздері айтылды, бірлескен жұмысы үшін және денасаулық ұзақ өмір, амандық және сәттілік тіледі. удачи.