
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау мақсатында есепшілер мен салық кеңесшілерінің
қатысуымен семинар өтті.
Департаменттің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығының басқармасының басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, арнаулы салық режимінде (бөлшек сауда салығына) 2024 жылда енгізілген басқа да өзгерістермен таныстырды.
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға: - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары; - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс хабарлады өндірістік емес төлемдірдің басқармасының басшысы Назгүл Аюпова.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Аzamat, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
Сонымен қатар, апта сайын сәрсенбі және бейсенбіде департаменттің сұрақ-жауап форматында Zoom конференциялар өткізіледі.
Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Күләш Ысқақова семинарға қатысушыларды Камералдық мониторинг хабарламаларының нәтижелеріне қатысты қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді